Басты бет / Экономика және бизнес жоғары мектебі / Қаржы және есеп / Аппакова Гульмира Несипбековна

Аппакова Гульмира Несипбековна

Лауазымы: доцент
Қаржы және есеп
Scopus author ID: 5535761550
       ӨМІРБАЯН Менің аты-жөнім – Гүлмира Несіпбекқызы Аппақова. Мен 1974 жылдың 3 қазанында Қазақстан Республикасының Талғар қаласында дүниеге келдім. 1991 жылы орта мектепті алтын медальмен тамамдап, 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірдім. Академияны аяқтағаннан кейін, 1995 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік экономикалық университетінің аспирантурасына оқуға түсіп, 1999 жылы экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғадым. 2010 жылы «Экономика» мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор ғылыми атағын алдым. 2008–2010 жылдары Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-дің PhD докторантурасында білім алып, 2011 жылы «Қаржы» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін қорғадым. Академиялық дамуыммен қатар, мен кәсіби құзыреттерімді де жетілдіріп отырдым. «Болат жолы» корпорациясында бас бухгалтер лауазымында жұмыс істей жүріп, Профессионалды бухгалтер біліктілік куәлігін иелендім. 2016 жылы Қазақстан Республикасының Аудиторы атандым және Аудиторлар Лигасының сарапшысымын. 1995–2025 жылдар аралығында Нархоз университетінде ғылыми-педагогикалық қызмет атқарып, 2022–2025 жылдары «Бағалау» РОӘС жетекшісі болып жұмыс істедім. Оқу және еңбек жолымда мен бірнеше рет біліктілігімді арттырып, «Есеп және аудит» бағыттары бойынша халықаралық сертификаттарға ие болдым, сондай-ақ Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттармен марапатталдым. 2021 жылдан бастап «Құрметті аудитор» медалінің иегерімін. Қазіргі уақытта Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ғылыми-педагогикалық қызметімді жалғастырып, ғылыми және кәсіби құзыреттерімді одан әрі жетілдіруге ұмтылып келемін.
Автордың құжаттары

0

Цитирования

0 по 0
құжаттар

h-индексі

0